2013 жылдың басында Ұлыбританияның юстиция жөніндегі хатшысы Крис Грейлинг шетелдік сот істерін британ соттарына көбірек тарту туралы ұсыныс айтқан. Яғни ұлыбританиялық соттардың беделі елдің салық төлеушілеріне пайдасын келтіруі тиіс. Осы аптада жарияланатын жаңа заңға сәйкес аса қомақты ақшаға дауласқан шетелдік коммерциялық істерге қатысты салықтың көлемі өспек. Демек бұл Ұлыбританияның қазынасына қосымша түсім келтіру деген сөз.
АБРАМОВИЧ ПЕН БЕРЕЗОВСКИЙ ЖАСАҒАН «ЖАРНАМА»
The Independent басылымының жазуына қарағанда, соңғы кездері шетелдік фирмалар мен магнаттар Ұлыбритания жерінде соттасуға көбірек ден қоя бастаған. Соңғы бес жылдағы Ұлыбритания жоғарғы сотында қаралған істердің 62 пайызы (1 мың 600-ден астам іс) шетелдік компаниялардың даулары болған.
«Лондонның орталығындағы құны 300 миллион фунт-стерлинг болатын «Роллс» ғимаратының заманауи техниканың озық үлгісімен жабдықталған 31 сот залында Грекияның тасымалдаушы компанияларынан бастап Сауд Арабиясының компанияларына дейінгі түрлі тараптар әділдік іздеп соттасып жатады. Бұл істердің көпшілігінің Британияға ешқандай қатысы жоқ» деп жазады басылым.
Зерттеулерге қарағанда, Лондон аса қымбат сот істерінің астанасына айналып, былтыр бір жылда британиялық заңгерлер шетелдік дауласушылардың арқасында 3,5 миллиард фунт-стерлинг табыс тапқан.
Ресейлік миллиардер Роман Абрамович пен бизнесмен Борис Березовский арасындағы 3 миллиард фунт-стерлинг дауға түскен істе адвокаттардың өздеріне ондаған миллион фунт ақша төленген. Мысалы, адвокат Джонатан Сампшон (қазір жоғарғы соттың судьясы) осы істе 3 миллион фунт-стерлинг ақы алған.
2008-2013 жылдар аралығында Лондонда ресейліктердің 75 ісі қаралған. Олардың саны жыл сайын өсіп келеді.
«ҚОМАҚТЫ ТАБЫС КӨЗІНЕ АЙНАЛҒАН ҚАЗАҚСТАН»
«Бірақ ең таңқаларлығы – 16 миллион тұрғыны бар бұрынғы совет республикасы Қазақстанның заңгерлер үшін қомақты табыс көзіне айналуы. Қазақстанға қатысты 86 сот ісінің көпшілігі елдегі ең ірі банктердің бірі «БТА банк» пен оның бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовқа қатысты. Әблязов 6 миллиард доллар қаржыны жымқырды деп айыпталып отыр» деп жазады басылым. Бұл процесс 11 түрлі сот істеріне бөлініп, 50 шақты заңгердің қатысуымен жүріп жатыр.
«Толассыз сот істерінің ордасы болып бара жатқан Қазақстан Ұлыбританияны магнаттар мен халықаралық компаниялардың қатысуымен өтетін құқықтық тайталастың отанына айналдырды. Осы бір мұнайға бай Азия елі ақысы жоғары лондондық адвокаттардың аса ерекше табыс көзі болды» деп жазады ұлыбританиялық басылым.
Жоғарғы соттың келісім-шарттарға байланысты дауларды шешетін бөлімшесі – коммерциялық сот шығарған 705 шешімге көз жүгіртсек, британиялық судьялар мен заңгерлерге «жұмыс беріп» отырған «демеушілер» тізімінің басында АҚШ тұр, одан кейінгі орынды Қазақстан мен Швейцария бөліскен.
«Сарапшылардың айтуынша, Абрамович пен Березовскийдің арасындағы сияқты аса әйгілі әрі қомақты сот ісінің арқасында енді Лондон сотынан әділдік іздеушілердің қатары көбейе бермек» деп болжайды The Independent басылымы.

Британиялық заңгерлер 2012 жылы шетелдік дауласушылардың арқасында 3,5 миллиард фунт-стерлинг табыс тапқан.The Independent