Accessibility links
Skip to main content
Skip to main Navigation
Skip to Search
Жаңалықтар
Саясат
AzattyqTV
Қаңтар оқиғасы
Адам құқықтары
Әлеумет
Әлем
Арнайы жобалар
Русский
Жазылыңыз
Басқа тілдерде
İздеу
РУС
Live
Live
İздеу
Бұған дейінгі
Келесі
Шұғыл хабар:
AzattyqTV
6 – 10 мамыр 2013 жыл
13 мамыр 2013 жыл, 10:47
Өткен аптаның сурет баяны
1
Бостондағы жарылысқа байланысты күдікке ілінген үш студенттің бірі Азамат Тәжаяқовтың әкесі Әмір Исмағұлов (суретте) ұлымен кездесті. Ол «АҚШ соты бұл істің анығына жетіп, баламды босатар» деп үміттеніп, ұлы да соған сенетінін айтады.
2
«Бостондағы жарылысқа қатысты күдікті Джохар Царнаевтың әрекетін жасырмақ болды» деп айыпталған үш адам – қазақстандық Азамат Тәжаяқов пен Диас Қадырбаев, АҚШ азаматы Робел Филлипос 1 мамырда сотқа тартылған. Робел Филлипос дүйсенбі күні 100 мың доллар кепіл төлеп үйқамаққа шықты. Ол сотқа дейін электронды білезік арқылы бақылауда болады. Суретте: Қазақ студенттері (сол жақтан екінші – Азамат Тәжаяқов, үшінші – Диас Қадырбаев) Джохар Царнаевпен (төртінші адам) бірге. Фото әлеуметтік желіден алынды. 23 сәуір 2013 жыл.
3
Құқық қорғаушы Александр Харламов (суретте) Алматыдағы психиатриялық клиникада еркінен тыс тексеріліп жатыр. Оған «діни алауыздықты қоздыру мақсатында атеистік көзқарастарды таратты» деген айып тағылған. Тергеушілердің айтуынша, Харламов дінге қатысты идеяларын блогы мен өзі жұмыс істейтін «Риддерские вести» газетінде жариялаған.
4
Суретші, антиядролық қозғалыс белсендісі, қолы жоқ Кәріпбек Күйіковке саусақ таңбасын өткізбегендіктен Ұлыбритания визасы берілмеді. Суретші Эдинбургте өткен антиядролық конференцияға қатысуды жоспарлаған. Ұлыбританияның ішкі істер министрлігі Азаттық тілшісіне «консулдық Күйіков мырзаға виза беруден бас тартқан жоқ, ол туындаған қиындықты «түсінбестік» салдары деп есептеуге болады» деп хабарлады. Суретте: Қазақстандық суретші, ядролық қаруға қарсы қозғалыстың белсендісі Кәріпбек Күйіков. Фото VK.com желісінен алынды.
5
Төле би, Қазыбек би және Әйтеке бидің құрметіне арналған айтыс айғай-шумен аяқталды. «Сүйер ұлың болса, сен сүй» деген айтыста «Ринат Зайытов пен Мейірбек Сұлтанхан жұбында екінші ақын жеңді» деген қазылар шешіміне келіспеген жұрт наразылық танытқан соң қазылар «екі ақын тең» деп шешті. Бірақ сосын халық күткен айтыстың үшінші айналымы болмай, ақындарға жүлделер таратылды. Суретте: «Сүйер ұлың болса, сен сүй» деген атпен өткен айтыс көрермендері қазылар шешіміне наразы болып тұр. Алматы, 9 мамыр 2013 жыл.
6
«Сүйер ұлың болса, сен сүй» деген атпен өткен айтысқа қатысқан ақындарды марапаттау рәсімінен бір көрініс. Алдыңғы қатарда солдан оңға қарай: айтыскер ақын Балғынбек Имашев пен қазылардың бірі Жүрсін Ерман. Алматы, 9 мамыр 2013 жыл.
6 – 10 мамыр 2013 жыл
Recommended
Қошмамбеттегі азаптау ісі: Қаңтарда полицейлер қырғыз, өзбек, қазақ азаматтарын қалай азаптағаны айтылды
Back to top
XS
SM
MD
LG