13 мамыр күні Жоғарғы сот Жаңаөзен оқиғасына қатысты сотталған 14 адамның адвокаттарының арызын алдын ала қарады. Бұл туралы жоғарғы соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Жаңаөзен оқиғасы бойынша сотталған Таңатар Қалиев, Нұрлан Асқарұлы, Бауыржан Непес, Жарас Бесмағамбетов, Шабдал Өткелов, Талғат Сақтағанов, Марат Әминов, Мұрат Қосбармақов, Нарын Жарылғасынов, Мақсат Досмағамбетов, Қайрат Әділов, Сейсен Әспентаев және Роза Төлетаеваның адвокаттары сот үкімдерін қайта қарауды сұраған.
"Сот алқасы бұл үкімдерді қайта қарауға шешім қабылдады. Жазаны өзгерту мәселесі іс жоғарғы сот алқасына түскеннен соң шешіледі" дейді баспасөз қызметі.
2011 жылы 16-17 желтоқсан күндері Жаңаөзен қаласында полиция ереуілге шыққан азаматтарға оқ атып, оқиға кезінде кемінде 17 адам қаза тапты, жүзден аса адам жараланды. Олардың кейбірі өмір бойға мүгедек болып қалды.
Жаңаөзендегі оқиғалар бойынша айыпты деп танылған 37 адамға сот үкімі өткен жылдың маусым айында шығарылған еді.