Accessibility links

Қашаған жобасының басшысы қызметтен кетпек


Қашаған кен орнының D аралы. 2009 жыл.
Қашаған кен орнының D аралы. 2009 жыл.
Қашаған мұнай кен орнын игеру жобасының операторы North Caspian Productions Operations Company-дың (NCPOC) атқарушы директоры Ханс Баккер қызметінен кететінін мәлімдеді.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, Баккер бұл туралы Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовпен кездесуде айтқан. "Бірінші маусымда компанияның атқарушы директорлығы қызметінен кетемін" деді ол.

Ханс Баккердің айтуынша, ол осы қызметті 5 жыл атқарған. "Біз бірқатар қиындықтарға тап болдық. Соған қарамастан ол қиындықтар ұмыт болып, Қашағаннан мұнай өндіру сәтті басталады деп сенемін" деген ол.

Баккер директорлыққа орынбасары Адьян Ван Дайк келетінін айтады.

Бастапқы келісім бойынша Каспий теңізінің Қашаған кен орнынан мұнай өндіру 2005 жылы басталуы тиіс болған. Одан соң 2012 жылдың соңына, кейін 2013 жылдың көктеміне, ақыр аяғы биыл жазға қалдырылды.
XS
SM
MD
LG