Ресейдің Киров қаласында оппозиция жетекшісі, блогер Алексей Навальныйдың үстінен қозғалған іс бойынша сот отырысы қайта жалғасты.
Навальный Киров облысы губернаторының кеңесшісі болған кезінде "Кировлес" компаниясынан 510 мың АҚШ доллары көлемінде қаржы жымқырды деп айыпталып отыр.
23 мамыр күні бірнеше куәгердің жауабынан соң сот кейінге шегерілген еді. Куәгерлердің бірі, "Кировлес" компаниясы бас директорының орынбасары Лариса Бастрыгина Навальный компания басшылығын "шығынға ұшырататын келісімге қол қойдыруға мәжбүрледі" деген.
Алексей Навальный мен оның адвокаттары қылмыстық істің саяси астары бар деп санайды. Президент Владимир Путиннің саясатын сынап, наразылық акцияларын ұйымдастырып жүрген 36 жастағы Навальный бұған дейін президент сайлауына түсу ниеті барын бірнеше рет айтқан еді.