Accessibility links

Челахқа қатысты кассациялық шағым қайта берілді


Сотталған шекарашы сарбаз Владислав Челахтың адвокаты Серік Сәрсенов. Талдықорған, 19 қараша 2012 жыл.
Сотталған шекарашы сарбаз Владислав Челахтың адвокаты Серік Сәрсенов. Талдықорған, 19 қараша 2012 жыл.
"14 жылға сотталған Владислав Челахтың адвокаты Серік Сәрсенов үкімге қарсы кассациялық шағымын түзетіп, бүгін екінші рет берді" деп хабарлайды ақпарат агенттіктері.

Адвокат Сәрсенов алғашқы кассациялық шағымды 26 сәуір күні берген. Бірақ мамандандырылған ауданаралық сот "Құраннан үзінділер келтірілген" деп, ол шағымды кері қайтарған. Адвокат бұдан соң шағым мәтінінен ол үзінділерді алып тастап, қайта өткізіп отыр.

2012 жылы мамырдың 30-ы күні Арқанкерген шекара заставасы толығымен өртеніп, 14 шекарашы мен 1 қорықшы - барлығы 15 адамның мәйіті табылған еді. Бұл қылмысқа қатысты тірі қалған жалғыз шекарашы - 19 жастағы Владислав Челах айыпты деп танылып, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесілген.
XS
SM
MD
LG