Accessibility links

Үлескерлер қозғалысы төрағасын полиция ұстады


"Халыққа баспанасын қалдырайық" қозғалысының төрағасы Есенбек Өктешбаев.
"Халыққа баспанасын қалдырайық" қозғалысының төрағасы Есенбек Өктешбаев.
Бүгін Астанада "Халыққа баспанасын қалдырайық" қозғалысының төрағасы Есенбек Өктешбаев пен оның әйелін полиция ұстап, Есіл ауданының ішкі істер бөліміне әкетті. Бұл туралы Азаттық тілшісіне азаматтық белсенді Берік Жағыпаров телефон арқылы хабарлады.

Жағыпаровтың айтуынша, "полиция ішкі істер бөліміне үлескерлер уақытша тұрып жатқан коттедждің иесін де шақыртқан". Кеше Қазақстанның түрлі аймағынан келген, өздерін "үлескер" деп атаған жүздеген адам үкімет үйіне барған еді.

- Үлескерлер тұрақтаған тағы бір коттеджді полиция қоршап алды. Үйдің иесі үлескерлерге коттедждің жасырын есігі арқылы шығып кетуді бұйырды, - дейді Берік Жағыпаров.

Бүгін сағат 14-те "үлескерлер" акция өткізуді жоспарлаған еді.

Кеше, 21 мамырда елдің түрлі аймағынан келген, "ипотекаға үй алып, оның қарызын қайтара алмай жүрміз" деген жүздеген адам Астанаға жиналған еді. Олар үкімет пен парламенттің қабылдауына кіріп, биліктен қарыздарын жабуды сұрамақ болған. Бірақ үкімет пен парламентке кіре алмай, "Нұр Отан" партиясы өкілдерімен ғана кездескен.
XS
SM
MD
LG