Чехияның батысында 1960 жылдары салынған, ядролық қару сақтауға арналған советтік бункер мұражайға айналды. "Қырғи-қабақ соғыс" дәуірінен қалған бұл жер бұрынғы Чехословакиядағы аса құпия үш объектінің бірі болған.
Чехияда советтік бункер мұражайға айналды

1
Ел астанасы Прагадан оңтүстікке қарай 90 километр жердегі Мишов ауылы маңындағы бункердің салмағы алты жарым тонналық есігі.

2
Мұражай қызметкері бункердің есігін ашып жатыр.

3
Мұражай қызметкері экспонаттарын тексеріп жүр.

4
Иосиф Сталиннің босағада тұрған суреті.

5
Қару-жарақ қоймасы Совет армиясына тиесілі болған. Оған Чехословакияның билігі жүрмеген. 80 ядролық қару сыятын бункерде олардың сақталған-сақталмағаны белгісіз.

6
Телефон сымдары.

7
Бақылау бөлмесі.

8
Ескерту белгісі.

9
Бункерде екінші дүниежүзілік соғыста қайтыс болған төрт мыңдай неміс сарбаздарының сүйегі, 1993 жылы Чехословакияға екі бөлінген соң керексіз болып қалған банкноттар да сақталған.

10
Советтік қызыл жұлдыз бен екі көгершіннің бейнесі.