Accessibility links

Жалал-Абадта "халық губернаторы" ұсталды


Наразылық акциясына жиналғандар. Қырғызстан, Жалалабад, 1 маусым 2013 жыл.
Наразылық акциясына жиналғандар. Қырғызстан, Жалалабад, 1 маусым 2013 жыл.
Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті саяси белсенді, Жалал-Абадтың "халық губернаторы" деп жарияланған Медет Үсеновтің жексенбіде ұсталғанын растады. Жексенбі таңертең оны өз үйінің маңынан ұрлап әкеткен еді.

Белсендінің тұтқындалғанына наразылық білдірген 500-ге тарта адам ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жалалабадтағы бөлімі алдына жиналды.

31 мамырда жүздеген адам оппозициялық "Ата-Жұрт" партиясының қамаудағы үш жетекшісін босатуды талап етіп, наразылық танытқан. Шерушілер Жалал-Абадтағы облыс әкімшілігі кеңсесін басып алып, Медет Үсеновті "халық губернаторы" етіп сайлағанын жариялаған.

Өткен жұмада Қырғызстанның солтүстігіндегі Жетіөгіз ауданында жергілікті тұрғындар Құмтөр алтын кенішін мемлекет меншігіне алуды талап етіп, полициямен қақтығысқан еді. Бұдан соң ауданда төтенше жағдай жарияланып, қазір жағдай тұрақтанды.
XS
SM
MD
LG