Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев "интернет беттерінде жала жауып, тіл тигізгендерді" қылмыстық жауапкершілікке тартуды қарастыратын заң жобасына қол қойды. Заң бойынша, енді интернетте "жала жауып, тіл тигізетін" өнімдер жариялағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылып, үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Баспасөз құқын қорғау ұйымдары бұл заңның қабылдануына қарсы болған еді. Әзербайжандық Журналистер бостандығы мен қауіпсіздігі институты заң "президент сайлауы қарсаңында бұрыннан қатаң шектеуде болған сөз бостандығына үлкен соққы береді" деген мәлімдеме таратты.
Әзербайжанда президент сайлауы 16 қазанда өтеді. ЕҚЫҰ Әзербайжанда бұған дейін өткен президент сайлауларының барлығына "халықаралық стандарттарға сай өтпеді" деп баға берген еді.