Accessibility links

Ливиядағы қарулы қақтығыста 25 адам қаза болды


Бенгазидегі қарулы топтардың бірінің мүшелері. Видеотаспадан скрин-шот. Көрнекі сурет.
Бенгазидегі қарулы топтардың бірінің мүшелері. Видеотаспадан скрин-шот. Көрнекі сурет.
Ливияның шығысындағы Бенгази қаласында болған наразылық шеруі қарулы қақтығысқа ұласты. Дәрігерлердің деректері бойынша, қақтығыс салдарынан 25 адам қаза тауып, кемінде 80 адам жараланған.

Сенбі күні Бенгазидегі «Ливия қалқаны» қарулы тобының штабы орналасқан жерде өткен наразылық шеруіне қатысушылар олардан қару-жарақты тапсыруын талап еткен. Қарсы тарап бұл талапты орындаудан бас тартып, қақтығыста екі тарап бір-біріне қарсы қару қолданған. Бірнеше сағатқа созылған қарулы қақтығысты билік тәртіп орнату үшін жіберген арнайы әскери жасақ басқан.

Ливияда бұрынғы басшы Муаммар Каддафиді биліктен кетіру үшін күрескен әртүрлі топтар әлі күнге дейін қару ұстап жүр. Оларға жұртшылық тарапынан нарызылық күшейіп отырғанымен, орталықтағы билік мұндай топтарды қарусыздандыруға әлсіздік танытады, кей жағдайда соларға арқа сүйейді дейді сарапшылар.

Былтыр қыркүйекте бір топ қарулы адам Бенгазидегі АҚШ елшілігінің ғимаратына әуелі шабуылдап басып кіріп, кейін өрт қойған еді. Сол оқиға кезінде АҚШ-тың Ливиядағы елшісі Кристофер Стивенс және елшіліктің тағы үш қызметкері мерт болды.
XS
SM
MD
LG