Accessibility links

Түркіменстанда бірінші рет өзге партия өкілі депутат болды


Түркіменстанның жаңадан құрылған Өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер партиясының конгресі. Ашғабад, 21 тамыз 2012 жыл.
Түркіменстанның жаңадан құрылған Өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер партиясының конгресі. Ашғабад, 21 тамыз 2012 жыл.
Түркіменстан тәуелсіздік алған 1991 жылдан бері бірінші рет парламентке билік партиясынан өзге партияның мүшесі сайланды.

Таяуда құрылған Өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер партиясының төрағасы Овезмамед Мамедов парламентке Лебап уәлаятынан депутат болып сайланды.

Түркіменстанда бұрынғы коммунистік партияның орнына құрылған Түркіменстанның демократиялық партиясы ғана болды. Партияны президенттер басқарып келеді.

Өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер партиясы 2012 жылы президент Гурбангулы Бердімұхамедов елде көппартиялы басқару жүйесін құру қажетін айтқан соң құрылған.

Бірақ қазіргі түркімен билігін сынаушылар "басқарушы партияға балама партиялар құрылғанымен ешнәрсе өзгермейді" деп санайды.
XS
SM
MD
LG