Accessibility links

Сот: Болат Әбілев вице-министрге моральдық шығын өтесін


Оппозициялық "Азат" партиясының жетекшісі Болат Әбілев. Алматы, 31 мамыр 2013 жыл.
Оппозициялық "Азат" партиясының жетекшісі Болат Әбілев. Алматы, 31 мамыр 2013 жыл.
Алматының Медеу аудандық соты оппозициялық "Азат" партиясының жетекшісі Болат Әбілевті мұнай және газ вице-министрі Берік Толымбаевқа моральдық шығын ретінде 500 мың теңге төлеуді міндеттеді деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігі.

Судья Бақытжан Тәжіханов сәрсенбіде "Әбілев Толымбаевтың ар-намысына кір келтірді және оның Толымбаев туралы айтқандары шындыққа сәйкес келмейді" деген шешім шығарған.

Толымбаев 15 наурызда мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы Әлихан Бәйменовтің блогына Болат деген атпен қолданушы жазған жазбаға байланысты шағым түсірген еді. Кейін Берік Толымбаев Болат Әбілевтен биыл 15 наурызда nuradam.kz сайтындағы онлайн конференция кезінде айтқан мәліметтерін жоққа шығаруды да сұраған.

Бірақ соңында Толымбаев Бәйменовтің блогына жазылған жазбаға байланысты шағымынан бас тартып, nuradam.kz сайтында айтқан пікірлерін терістеуді талап еткен.

Болат Әбілев сот шешіміне шағымданатынын айтады.
XS
SM
MD
LG