Accessibility links

Иранның президенті Хассан Роухани болды


Хассан Роухани. Тегеран, 14 маусым 2013 жыл.
Хассан Роухани. Тегеран, 14 маусым 2013 жыл.
Иранның жаңа президенті болып елдің ядролық бағдарламаларына қатысты бұрынғы келіссөздерін жүргізген Хассан Роухани (64 жаста) сайланды. Иран ішкі істер министрі Мостафа Мохаммад Наджардың айтуынша, оған сайлаушылардың 50,7 пайызы дауыс берген.

Президент сайлауына барлығы алты кандидат түсті. Олар - Хассан Роухани, Тегеран мэрі Мохаммад Бакер Калибаф, ядролық бағдарлама бойынша келіссөздерді жүргізуші Саид Жалили, Аятолла Әли Хаменеидің халықаралық істер бойынша кеңесшісі Әли Акбар Велаяти, сақшылар корпусының бұрынғы командирі Мохсен Резаи және бұрынғы телекоммуникация министрі Мохаммад Гарази.

Иранда 14 маусым күні өткен сайлауда 50 миллионға жуық сайлаушының 70 пайыздан астамы дауыс беруге қатысқан.
XS
SM
MD
LG