Бразилияда үкіметке қарсылық шерулері қайтадан жалғасты. Бейсенбі күні бірнеше қалада наразылық акциясына шыққандар мен полиция арасында қақтығыс болды. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, Сан-Паулу қаласындағы қақтығыстар кезінде кемінде бір адам қаза тапқан.
Рио-де-Жанейро қаласында мыңдаған адам қатысқан шеру жергілікті әкімшілік кеңсесіне тақаған кезде полиция оларға көзден жас ағызатын газ шашты. Полиция қалалық мэрия мен губернатор кеңсесіне күзетті күшейтті. Дүкендер мен банк мекемелері есік-терезелерін бекітіп, сақтық шараларын жасады.
Ел астанасы Бразилиа қаласында сыртқы істер министрлігінің ғимаратын басып алмақшы болған наразыларды полиция тоқтатты. Бразилия президенті Дилма Русеф келесі аптаға Жапонияға жоспарлаған сапарын кейінге қалдыруға мәжбүр болды.
Бразилияда қоғамдық көліктегі жолақының қымбаттауы түрткі болған наразылық маусымның басынан бері жалғасып жатыр. Ондаған мың адам қатысқан қарсылық шерулерінен соң билік жолақыны бұрынғы деңгейге түсіретінін жариялады. Мысалы, Сан-Паулуда жолақы құны 3,2 реал (шамамен 1,44 доллар) болса, қазір қайтадан 3 реалға (1,35 долларға) түсті. Елдегі ең төменгі жалақы деңгейі - 300 доллар шамасында.
Елдегі қарсылық акциялары әлі басылған жоқ. Шерушілер жолақыдан басқа да проблемаларға - бюджет қаржысын әлемдік футбол чемпионатына жұмсауға, қоғамды жайлаған коррупция мен әлеуметтік теңсіздікке наразылық білдірді.