Пәкістанның солтүстігіндегі Гилгит-Балтистан провинциясында қарулы содырлар басып алған қонақүйде арнайы операция болып, шетелдік тоғыз азамат пен бір пәкістандық қаза тапты. Полицияның хабарлауына қарағанда, операция жексенбіде өткен.
Украинаның Пәкістандағы елшісі мерт болғандардың бесеуі украин азаматтары екенін растады. Ал Ресейдің туризм агенттігі қаза тапқандардың бірі ресейлік екенін айтады. Қалған үш турист қытайлық болуы мүмкін деген болжам бар.
Шабуылды "Талибанның" Пәкістандағы қанаты мойнына алды. "Талибан" өкілінің мәлімдеуінше, шабуыл Пәкістанға шетелдің пилотсыз ұшақтардан жасалатын соққысынан кек алу мақсатында жасалған.
Табиғатының әдемі Гилгит-Балтистан провинциясы Қытаймен және даулы Кашмир аймағымен шектеседі. Сарапшылар провинция бұған дейін Пәкістанның ең қауіпсіз аймақтарының бірі болғанын айтады. Бірақ соңғы жылдары аймақта шииттерге жиі шабуыл жасалып жүр.