Accessibility links

"Болотная ісі" бойынша сот тыңдауы басталды


"Болотная ісі" бойынша айыптыларды сот залына әкелді. Мәскеу, 24 маусым 2013 жыл.
"Болотная ісі" бойынша айыптыларды сот залына әкелді. Мәскеу, 24 маусым 2013 жыл.
Мәскеуде бүгін "Болотная ісіне" қатысты сот тыңдауы басталды деп хабарлайды Азаттықтың Орыс қызметі.

Алдын-ала сот тыңдауы Мәскеуде 6, 7 және 12 маусым күндері өткен еді. Сот ол кезде адвокаттардың жәбірленушілер тізімінен 73 полицейді шығарып тастау және кейбір айыпталушылардың айғақтарын жарамсыз деп тану туралы шағымын қанағатандырмай қойған.

Адвокаттар Болотная алаңындағы тәртіпсіздіктерде полицейлер зардап шекпесе де оларды жәбірленушілер деп атағанын айтады.

Болотная алаңындағы наразылық пен тәртіпсіздік 2012 жылы 6 мамырда, Владимир Путиннің инаугурациясынан бір күн бұрын болған. Наразылықтан соң бірнеше адам ұсталып, оларға "тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды" деген айып тағылған.

Сот бұған дейін істі прокуратураға жіберуден бас тартып, 10 айыпталушының қамау мерзімін 6 айға ұзартқан еді.

Болотнаядағы наразылық - 2011 жылы Ресейдегі парламент сайлауынан соң басталған ең ірі қарсылық шерулерінің бірі.
XS
SM
MD
LG