Accessibility links

Баймағанбетовтің жазасын ұлғайтуды сұрады


Кедендік бақылау комиетінің бұрынғы төрағасы Серік Баймағамбетов сот залында. Астана, 19 қыркүйек 2012 жыл.
Кедендік бақылау комиетінің бұрынғы төрағасы Серік Баймағамбетов сот залында. Астана, 19 қыркүйек 2012 жыл.
Прокуратура бүгін кедендік бақылау комитетінің бұрынғы басшысы Серік Баймағанбетовке кесілген жазаны күшейтуді сұрады деп хабарлайды ақпарат агенттіктері. Баймағамбетовтің ісін Астананың қылмыстық істер бойынша апелляциялық сот алқасы қарап жатыр.

Астана қалалық мамандандырылған ауданаралық соты Серік Баймағанбетовті 2013 жылдың 8 қаңтарында "аса ірі көлемде пара алды" деп айыптап, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кескен еді. Сот оны "қызметтік өкілетін теріс мақсатта пайдаланды" деген айып бойынша ақтаған.

Прокурор Еркеғали Зәкіров Астана сотының Баймағанбетовті "қызметтік өкілетін теріс пайдалану" айыбы бойынша да кінәлі деп тауып, 3 жыл бас бостандығынан айыруды, ал "аса ірі көлемде пара алу" айыбы бойынша 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Ол екі айып бойынша жаза мерзімін біріктіріп 12 жылға соттап, мүлкін тәркілеуді сұраған.

Прокурордың айтуынша, Баймағанбетов "аса ауыр қылмыс жасағандықтан" соттың оны жартылай ақтаған бұрынғы шешімі негізсіз.

Серік Баймағанбетов кедендік бақылау комитетін 2011 жылдың мамырынан 2012 жылдың ақпанына дейін басқарған. Оған дейін ол ішкі істер министрі де болған.
XS
SM
MD
LG