Accessibility links

Халықаралық қауымдастық Магнитскийдің сотын сынады


Сергей Магнитский, абақтыда қайтыс болған ресейлік заңгер.
Сергей Магнитский, абақтыда қайтыс болған ресейлік заңгер.
АҚШ пен Еуроодақ, ресейлік және америкалық құқық қорғау ұйымдары 2009 жылы абақтыда қайтыс болған заңгер Сергей Магнитскийді "салық төлеуден жалтарды" деп айыптаған сот шешімін сынады.

АҚШ мемлекеттік депарламентінің баспасөз хатшысы Джен Псаки сот процесін "Магнитскийдің ісі бойынша әділдікке жеткісі келетіндердің әрекетіне тосқауыл қою" деп бағалады.

Еуропа Одағына төрағалық етуді бастаған Литва президенті Даля Грибаускайте сот процесін "Ресейдегі адам құқықтарының жағдайын көрсетететін акт" деп атады.

Магнитскийдің қудалануы мен оның өліміне қатысы бар Ресей шенеуніктеріне қарсы санкциялар салу кампаниясын жүргізген америкалық конгресмендер де соттың шешімін айыптады.

Ресейдің адам құқықтары жөніндегі уәкілетті өкілі Владимир Лукин, Freedom House ұйымы Магнитскийге қарсы процесті айыптады.

Мәскеу соты бейсенбіде заңгер Сергей Магнитскийді салық төлеуден жалтарғаны үшін айыпты деп таныған шешім шығарған. Ресей билігі заңгерді үкіметтегі сыбайлас жемқорлық фактілерін әшкерелеген соң тұтқындап, ол кейін түрмеде көз жұмған.
XS
SM
MD
LG