Accessibility links

ENRC өзінің бұрынғы директорын сотқа берді


Сот балғасы. Көрнекі сурет.
Сот балғасы. Көрнекі сурет.
Тау-кен өндірісі саласындағы ірі кәсіпорындардың бірі Eurasian Natural Resources Corporation (ENRC) компаниясы бұрынғы директоры Пол Джадждың үстінен сотқа талап арыз түсірген.

Джаджданы «жариялауға жатпайтын деректерді бұқаралық ақпарат құралдарына берген» деп кінәлаған компания одан құпия мәліметтері бар барлық құжаттарды қайтартқызып, компанияға келген зиянды өндіртіп алуды соттан сұраған. Компания өкілдері ақпараттың көпшілікке жарияланып кетуі ENRC беделіне және акцияларының бағасына нұқсан тиігізді дейді.

Ұлыбританияда тіркелген ENRC компаниясының негізгі өндірісі Қазақстанда орналасқан. Биыл мамыр айында Ұлыбританияның алаяқтыққа қарсы күрес бюросы (SFO) ENRC компаниясына қатысты пара алу, сыбайлас жемқорлық пен алаяқтық туралы іс қозғалғанын хабарлаған еді. Онда компанияның Қазақстан мен Африкадағы кейбір операциялары тексеріліп жатқаны айтылған.

ENRC-дің акцияларына «Қазақмыс» тау-кен және металлургия тобы (26%), компанияның негізін қалаған үш олигарх Александр Машкевич, Потох Шодиев және Алиджан Ибрагимовтер (әрқайсысында – 14,59%), сондай-ақ Қазақстан үкіметі (11,65%) иелік етеді. Акциялардың 3% ресейлік миллиардер Сулейман Керимовтің еншісінде. Ал минотарлық акционерлерге тиесілі қалған 15,58% акция Лондон биржасында еркін айналымда.
XS
SM
MD
LG