27 шілде күні Атырау қаласындағы тергеу изоляторында отырған сотталушылар наразылық білдірді. Бұл туралы Азаттық тілшісіне олардың туыстары хабарлады.
– Қамауда отырған туысына сәлем-сауқыт әкелгендердің бірі түрме терезесіне ілінген бірнеше қызыл шүберекті көрген. Яғни, қамаудағылар «SOS!» деген белгі берген, – деді аты-жөнін айтқысы келмеген азамат.
Атырауға 250 шақырымдағы Құрманғазы ауданынан келген Бибігүл Байарысова «терроризм» бабымен қамауда жатқан бауыры Роман Байарысовтың тағдырына алаңдайтынын айтты.
– Інім бұған дейін түрмеде жасалған әлімжеттікке шыдамай өзіне қол жұмсаған еді. Бауырымды көрмей ешқайда кетпеймін, – деді ол Азаттық тілшісіне.
Атыраулық құқық қорғаушы Әсел Нұрғазиева тергеу изоляторына бірнеше шақырым жерде облыстық ішкі істер басқармасының қызметкерлері тосқауыл қойғаны туралы хабарлады. Тергеу изоляторының бастығы Абылай Ильясов абақтының сыртындағы күзеттің күшейтілуінің себебін өзінше түсіндірді.
– Кеше [26 шілде - Азаттық] қылмыстық атқару комитеті департаментінің қызметкерлері кезекті тексеру жүргізіп, тиым салынған құрал-заттарды жинап алған. Бұл сотталушылардың соған көрсеткен наразылығы. Изолятор айналасын осылай қарай жаппай ағылған сотталушылар туыстарының артық қимылға бармауын қамтамасыз ету үшін қоршауға алдық, - деді Ильясов 27 шілде күні журналистерге.
Жиналғандар қамаудағы туыстарына жолықтыруды талап еткен соң, арада бірнеше сағат өткенде оларға абақтыда отырған туыстарымен қысқа уақытқа кездесуге рұқсат берген.
Атырау тергеу изоляторында қамауда отырғандардың наразылық білдіру оқиғасы бұған дейін бірнеше рет болған. Соңғы рет маусымның 24-і күні «терроризм» бабымен айыпталған бір топ күдікті өздеріне жасалған азаптауға шыдамай тамырларын кесіп, қарындарын тілгені туралы хабарланған еді. Бұл жайлы олардың туыстары облыстық прокуратураға жазған шағымдарына әлі күнге жауап алмағандарын айтады.