Accessibility links

Иракта сегіз адам қаза тапты


Бомба қойылған автокөлік жарылысы болған жерде тұрған адамдар. Туз-Хурмату, Ирак, 21 мамыр 2013 жыл. Көрнекі сурет.
Бомба қойылған автокөлік жарылысы болған жерде тұрған адамдар. Туз-Хурмату, Ирак, 21 мамыр 2013 жыл. Көрнекі сурет.
28 шілде күні Ирактың солтүстік-шығысындағы Туз-Хурмату қаласында полиция жасағы келе жатқан үш автокөлікке бағытталған жарылыстан кемінде сегіз адам қаза болған.

Жанкешті бомба қойылған көлікті жарып жіберген. Шабуыл салдарынан тоғыз полиция қызметкері жараланған. Тикриттен шамамен 90 шақырымдай орналасқан Туз-Хурмату қаласында бомба орнатылған автокөлік жарылыстары бұған дейін де бірнеше рет болған. Қаланы күрдтер өз автономиясының құрамына қосқысы келеді.

Шілде айында Иракта түрлі шабуылдардан 720 адам қаза тапқан.
XS
SM
MD
LG