АҚШ конгрессі Иранға қарсы жаңа санкциялар салуды қарастыратын заң жобасын қабылдады.
Заң жобасын 400 конгресмен қолдап, екі адам қарсы болған. Құжат бұған дейін салынған санкцияларды қатаңдатып, Иранның мұнай экспортын азайтуға бағытталған. Мұнда Иранның күндік мұнай экспортын 1 миллион баррельге дейін азайтып, 2015 жылға қарай әлемде Иран мұнайын сатуды мүлде тоқтату көзделген.
Заң жобасына сай Иранның құрылыс және тау-кен саласындағы компанияларының "қара тізімі" дайындалмақ. Заң жобасы сенат қарауына қыркүйекте жіберіледі.
Батыс елдері Иран ядролық қару жасап жатыр деп күдіктенеді. Тегеран оны жоққа шығарады. БҰҰ мен АҚШ байытылған уран өндірісін тоқтату туралы талаптарды орындамағаны үшін Иранға қарсы бірнеше санкция жариялаған еді.