Accessibility links
Skip to main content
Skip to main Navigation
Skip to Search
Жаңалықтар
Саясат
AzattyqTV
Қаңтар оқиғасы
Адам құқықтары
Әлеумет
Әлем
Арнайы жобалар
Русский
Жазылыңыз
Басқа тілдерде
İздеу
РУС
Live
Live
İздеу
Бұған дейінгі
Келесі
Шұғыл хабар:
ФОТОРЕПОРТАЖ
Мәскеудегі депортациялық лагерь
1 тамыз 2013 жыл, 23:02
Азаттық радиосы
Ресей астанасында 1 тамыз күні депортациялық лагерь ашылды. Полицияның рейдтері кезінде қолға түскен мигранттарды осында ұстайды.
1
Депортациялық лагерь Мәскеу қаласының Гольяново ауданындағы өндіріс аймағында орналасқан.
2
Бұл жерге жеткізілген мигранттарға лагерь аумағынан шығуға тыйым салынған. Оларды тәулік бойы күзетеді.
3
Адамның күнделікті өміріне қажетті заттардан әзірге тек биотуалеттер ғана бар. Душ, көшпелі асхана кейінірек қойылмақ.
4
Лагерьге әкелінген мигранттар әскери шатырда тұрмақ.
5
Лагерьде мұндай 20 шатыр бар.
6
Полиция басшылығының айтуынша, лагерь мыңға жуық адамға арналған. Яғни әскери шатырдың әрқайсысында 40-50 мигрант тұрады.
7
Шатырдың терезесі.
8
Үйсіз жүрген Египет азаматы Абдель мұнда тегін тамақ береді дегенді естіп, лагерь қақпасының алдына келді.
9
Абдельдің визасының мерзімі біткеніне жылға жуық уақыт өткен.
10
Лагерь қақпасының алдына адамдар жиі келеді, кейбіреуінің заттары көрші цехтарда – ұсталған мигранттар жұмыс істеген жерде қалып қойған.
11
Бірақ оларды лагерь аумағына кіргізбейді.
12
Депортациялық лагерьге мигранттарды әкеліп жатыр.
13
Лагерь аумағында Ресей федералды миграция қызметінің өкілдері кезекшілік атқарады.
14
Штаб орналасқан шатырдың іші лагерьде депортацияны күтіп жатқан мигранттар тұратын шатырға қарағанда жақсы жабдықталған.
15
Гольяноводағы лагерьдің қашанға дейін жұмыс істейтіні белгісіз.
Мәскеудегі депортациялық лагерь
XS
SM
MD
LG