Accessibility links

Бакуде Азаттық тілшісін қолдап шеруге шыққандар ұсталды


Хадиджа Исмаилова "Журналистикадағы ерлігі үшін" сыйлығын алған кезде сөйлеп тұр. Нью-Йорк, 24 қазан 2012 жыл.
Хадиджа Исмаилова "Журналистикадағы ерлігі үшін" сыйлығын алған кезде сөйлеп тұр. Нью-Йорк, 24 қазан 2012 жыл.
3 тамыз күні Баку қаласында Азаттықтың Әзербайжан қызметінің тілшісі Хадиджа Исмаиловаға қысым жасауды тоқтатуды биліктен талап еткен оннан аса журналисті полиция ұстады.

Наразылық акциясына шыққандар - көпшілігі әйелдер - Исмаиловаға қолдау білдіріп: "Хадиджа, біз сенімен біргеміз!" деп ұрандаған. Ұсталғандарды полиция бөліміне жеткізіп, біраздан соң босатқан.

Бұған дейін Азат Еуропа/Азаттық радиокорпорациясы (RFERL) Әзербайжан билігінен Хадиджа Исмаиловаға қарсы қайтадан басталған бопсалау мен қорқыту іс-әрекеттерін тексеріп, журналистерді қолдап-қорғауға шақырған.

Биыл қаңтарда бірнеше белсендімен бірге Бакудегі үкіметке қарсы шерулер кезінде ұсталған Исмаиловаға мамыр айында Баку соты 220 сағат қоғамдық жұмыс атқару жазасын кескен.

Әзербайжан билігіндегі сыбайлас жемқорлық жайлы мақалаларымен танылған Хадиджа Исмаиловаға қатысты былтыр бірнеше рет өсек таратылып, бопсалау жасалған еді.

2012 жылы қазанда Халықаралық әйелдер медиа қоры Нью-Йоркте Хадиджа Исмаилованы "Журналистикадағы ерлігі үшін" сыйлығымен марапаттаған.
XS
SM
MD
LG