Accessibility links

Жапонияда атом бомбасы шабуылын еске алды


Атом шабуылына - 68 жыл
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:01:41 0:00

Жапондар атом бомбасы құрбандарын еске алуға жиналды. 6 тамыз, 2013 жыл.

Жапонияның Хиросима қаласында он мыңдаған адам АҚШ-тың осы қалаға атом бомбасын тастағанына 68 жыл болғанын еске алу шарасына жиылды.

Бомба жарылысынан аман қалғандар мен құрбан болғандардың туыстары, ядролық қаруға қарсы белсенділер бомба түскен жерге жақын маңдағы бейбітшілік саябағына келді.

Елдің премьер-министрі Синдзо Абэ "әлемде атом бомбасы шабуылына ұшыраған жалғыз ел болғандықтан, ядролық қаруларды жою - Жапонияның міндеті" деді.

1945 жылы 6 тамызда АҚШ әскерилері Хиросима қаласына, 9 тамызда Нагасаки қаласына атом бомбасын тастаған. Жарылыстардан он мыңдаған адам құрбан болды. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан Жапония осы шабуылдардан соң көп ұзамай жеңілгенін мойындады.

Жапонияда 2011 жылы цунами салдарынан Фукусимадағы атом электр станциясында (АЭС) жарылыс болған соң антиядролық наразылық күшейген.

АЭС-тегі апат салдарынан сол маңдағы теңізге, Тынық мұхитына радиоактивтілігі жоғары заттар құйылып, төтенше жағдай туындаған.
XS
SM
MD
LG