Accessibility links

Обама Путинмен кездесуден бас тартты


АҚШ президенті Барак Обама мен Ресей президенті Владимир Путин. Мексика, 18 маусым 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
АҚШ президенті Барак Обама мен Ресей президенті Владимир Путин. Мексика, 18 маусым 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
АҚШ президенті Барак Обама қыркүйек айына жоспарланған Ресейге сапарынан, осы ел президенті Владимир Путинмен кездесуден бас тартты.

Ақ Үйдің мәлімдеуінше, Мәскеудің АҚШ-тың бұрынғы тыңшысы Эдвард Сноуденге уақытша баспана беру шешімі екі ел арасындағы қарым-қатынастарды күрделендіріп отыр. Алайда бүған қарамастан, Обама Санкт-Петербургте қыркүйек айында өтетін "Үлкен жиырмалық" экономикалық саммитіне қатысады.

Кремль АҚШ президентінің Путинмен кездесуге Мәскеуге келуден бас тартуына "қынжылатынын" мәлімдеді. Ресей билік өкілдері "Бұл АҚШ-тың Ресеймен тең құқықты қатынастарға әлі де дайын емес екенін білдіреді" дейді.

Вашингтон АҚШ барлауының бұрынғы қызметкері Сноуденді құпия ақпараттарды жариялағаны үшін сотқа тартпақ. Өткен аптада Ресей оған бір жылға баспана берген еді.
XS
SM
MD
LG