Accessibility links

HRW Франциядан Әблязовты экстрадицияламауды сұрады


Мұхтар Әблязов, бұрынғы банкир, оппозициялық саясаткер.
Мұхтар Әблязов, бұрынғы банкир, оппозициялық саясаткер.
Халықаралық Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы француз билігін қазақстандық оппозициялық тұлға, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты сынап келе жатқан бұрынғы банкир Мұхтар Әблязовты Франциядан экстрадицияламауға шақырды.

Ұйым бейсенбіде жария қылған үндеуінде Әблязовты Қазақстанда азаптауы және әділ түрде соттамауы мүмкін екенін айтады. Үндеуде бұған қоса "Франция Әблязовты Қазақстанға ұстап беретін елдерге де экстрадицияламауы тиіс" делінген.

Қазақстан үкіметі Әблязовты қаржы жымқырды деп айыптап, үстінен бірнеше іс қозғаған. Саясаткердің өзі "тағылған айыптардың саяси астары бар" дейді.

2005-2009 жылдары БТА банкін басқарған Әблязов 2009 жылы Қазақстаннан қашып кеткен. Оған Қазақстаннан өзге Ресей мен Украина да іздеу жариялаған.

Мұхтар Әблязов 31 шілдеде Францияның оңтүстігінде Украинаның сұрауымен ұсталды. Қазақстан мен Франция арасында тұтқындарды экстрадициялау туралы келісім жоқ. Бірақ Франция Украина және Ресеймен ондай келісім жасасқан.
XS
SM
MD
LG