Сириядағы қақтығысты бақылап отырған оппозициялық топ елдің солтүстік-батысында орналасқан Латакия уәлаятын үкімет әскері бомбалап, "кем дегенде 20 адамның қаза тапқанын" хабарлады.
Лондонда орналасқан сириялық адам құқықтарын қорғау орталығы 10 тамыз, сенбі күні "ұшақтардың Сальма қаласына да бомба тастағанын" мәлімдеді.
Сирия президенті Башар әл-Асад елдің орталық және оңтүстік аймақтарын бақылап отыр. Ал көтерілісшілердің ықпалы Евфрат жазығы мен елдің солтүстігіндегі Түркиямен шекаралас өлкелерде басым.
БҰҰ таратқан мәлімет бойынша, Сириядағы қақтығыстың басталғанына 2 жыл 4 ай болды. Осы уақыт ішінде 100 мыңнан астам адам қаза тауып, 1 миллион 700 мың сириялық азамат елден қашып, босқынға айналған.
Ал жұма күні Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керримен болған келіссөздерде "Сирия мәселесі бойынша Женевада өтетін конференцияны мейлінше тезірек бастауға уағдаласқандарын" мәлімдеді.