Accessibility links

Медведев СССР сутегі бомбасы сынағымен құттықтады


Дмитрий Медведев, Ресей премьер-министрі.
Дмитрий Медведев, Ресей премьер-министрі.
Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев СССР-де алғашқы сутегі бомбасын сыналғанына 60 жыл толғанына орай Нижний Новгород облысының Саров қаласындағы Эксперименталды физика ғылыми-зерттеу институтын құттықтады.

Институтқа жолданған хатта Медведев сутегі бомбасын дамыту тек ұлттық қауіпсіздікті қорғау құралы ғана емес, әлемде бейбітшілікті сақтап тұрған ғаламдық ядролық тепе-теңдікті ұстап тұруда да маңызды екенін айтты.

СССР алғашқы атом бомбасын 1949 жылы 29 тамызда сынаған еді. Ал алғашқы сутегі бомбасы - РДС-6с деп аталатын бомбаны 1953 жылы 12 тамызда Семей полигонында сынақтан өткізді. Бұл туралы Азаттықтың арнайы мақаласын мына жерден оқуға болады.
XS
SM
MD
LG