Accessibility links

Әблязовты сұраған ҮЕҰ Франция елшілігіне хат тапсырды


"Әблязовты қайтарайық" коалициясының өкілі Бақытжан Жүнісбеков (оң жақта) журналистерге сұхбат беріп тұр. Астана, 12 тамыз 2013 жыл.
"Әблязовты қайтарайық" коалициясының өкілі Бақытжан Жүнісбеков (оң жақта) журналистерге сұхбат беріп тұр. Астана, 12 тамыз 2013 жыл.
Астанада үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) құрған "Әблязовты қайтарайық" коалициясы Францияның Қазақстандағы елшісіне Мұхтар Әблязовты қайтаруды сұраған хат тапсырды.

Коалиция өкілдері Әблязовтың Қазақстанда "түрлі қылмыстар жасағанын" айтып, Қазақстанда соттау үшін француз үкіметінен оны қайтаруды сұраған.

"Әблязовты қайтарайық" коалициясы өткен аптада Алматыда құрылған еді. Коалицияны "Азаматтық альянс" бірлестігінің басшысы Сәуле Толғанбаева, ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының үйлестіру кеңесінің төрағасы Мұрат Әбдішүкіров және басқалары құрған.

2009 жылдан бері шетелде қуғында жүрген бұрынғы банкир, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты сынаушылардың бірі Мұхтар Әблязовты 31 шілдеде Францияның Муан-Сарту қаласында осы елдің қауіпсіздік күштері ұстаған.
  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG