Accessibility links

Прокурор экологтың өліміне күдіктіге 12 жыл сұрады


Нұрлан Өтеулиев. Алматы облысы, 4 наурыз 2013 жыл.
Нұрлан Өтеулиев. Алматы облысы, 4 наурыз 2013 жыл.
Алматы облысы Қарасай ауданының орталығы Қаскелең қаласында наурыз айында қаза тапқан эколог Нұрлан Өтеулиевтің өліміне байланысты соттың кезекті отырысы өтті. Сотта айыптаушы мен айыпталушы тарап жарыссөзге шықты.

Жарыссөзде прокурор экологтың өліміне айыпты деп танылған 27 жастағы Дмитрий Жабинді 12 жылға бас бостандығынан айырып, мерзімін қатаң режимді колонияда өтеу жазасына кесуді сұрады.

Бірақ Жабиннің адвокаты айыпталушының Өтеулиевті "абайсызда өлтіріп қойғанын, кінәсін өзі мойындағанын, тергеу жұмыстарына белсенді араласқанын" айтып, соттан оған ауыр жаза кеспеуді сұрады.

"Табиғат" экологиялық қозғалысының белсендісі Нұрлан Өтеулиевтің өлі денесі наурыз айында Алматы маңындағы Тастыбұлақ ауылынан табылған еді. Ол Алматы облысының саябағындағы шоқ ағаштардың оталуына түрде қарсы шығып жүрген белсенділердің бірі болған.

Сот 5 тамызда басталған. Үкім ертең, 15 тамызда шықпақ.
XS
SM
MD
LG