Accessibility links

АҚШ сарбазы құпия құжаттар үшін кешірім сұрады


АҚШ сарбазы Брэдли Мэннинг (оң жақта) Форт-Мидтегі әскери трибуналға жеткізілді. Мэриленд, АҚШ, 30 шілде 2013 жыл
АҚШ сарбазы Брэдли Мэннинг (оң жақта) Форт-Мидтегі әскери трибуналға жеткізілді. Мэриленд, АҚШ, 30 шілде 2013 жыл
АҚШ сарбазы Бредли Мэннинг АҚШ-тың әскери және дипломатиялық құжаттарын Wikileaks сайтына бергені үшін кешірім сұрады.

Сәрсенбіде сотта сөйлеген Мэннинг құпия құжаттардың берілуі "АҚШ-қа зиян келтіргенін" айтып, ол үшін жазасын тартуға дайын екенін мәлімдеді.

Барлау ақпараттарына талдау жасайтын бұрынғы әскери қызметкер, 25 жастағы Мэннинг бұған дейін "тыңшылық жасады", "ақпарат ұрлады" және басқа да заңдарды бұзды деген бірнеше айып бойынша кінәлі деп танылған. Бұл айыптар бойынша ол 90 жылға сотталуы мүмкін.

Брэдли Мэннинг Wikileaks-ке құпия құжаттарды 2010 жылы Иракта әскери қызметте жүрген кезінде берген.
XS
SM
MD
LG