Accessibility links

Ауғанстанда тәліптер 14 адамды өлтірген


Жанкешті жарылыс жасаған көлікті маңында тұрған ауған полицейлері. Гильменд провинциясы, 17 маусым 2013 жыл. Көрнекі сурет.
Жанкешті жарылыс жасаған көлікті маңында тұрған ауған полицейлері. Гильменд провинциясы, 17 маусым 2013 жыл. Көрнекі сурет.
Сенбі күні Ауғанстанда тәліптердің екі шабуылынан кемінде 14 бейбіт тұрғын қаза болған. Бұл туралы жергілікті билік өкілдері хабарлаған.

Елдің оңтүстігіндегі Гильменд провинциясының ресми өкілі Амар Зуактың айтуынша, 17 тамыз күні таңертең Марджи ауданында жолаушы тасымалдайтын шағын автобуста болған жарылыс салдарынан бес адам мерт болған.

Сенбіге қараған түні Ауғанстанның батысында - Герат провинциясындағы Карух ауданында автомат және гранатометтармен қаруланған тәліптер құрылысшылар тұрып жатқан лагерьге шабуыл жасап, тоғыз жұмысшыны өлтірген.

БҰҰ-ның деректері бойынша, Ауғанстанда биылғы жылдың алты айында бейбіт тұрғындар арасында құрбан болғандар саны өткен жылдың осындай мерзіміндегі көрсеткішпен салыстырғанда 23 пайызға көбейген. Биыл қаңтардан маусым айының соңына дейін Ауғанстанда 1319 адам қаза тауып, екі жарым мыңнан аса адам жараланған.
XS
SM
MD
LG