БҰҰ өкілі Фархан Хак "АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігі БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде тыңдау жүргізді" деген ақпаратты ұйымның америкалық шенеуніктермен талқылайтынын" хабарлады.
Жексенбіде немістің Der Spiegel журналы америкалық бұрынғы агент Эдвард Сноуденнен алынған құпия құжаттарға сүйеніп, АҚШ арнайы қызметі 2012 жылы БҰҰ-ның ішкі видео конференция жүйесіне енгені туралы жазған.
Der Spiegel мен ұлыбританиялық The Guardian басылымы бұған дейін де Сноуденнен алынған ақпараттар негізінде "АҚШ арнайы қызметі Еуропа Одағының кеңселерінде, Вашингтондағы елшіліктер мен Нью-Йорктегі БҰҰ кеңселерінде тыңдау жүргізетінін" хабарлаған.