Accessibility links

Отардағы жарылыстан 7 адам жараланып, 2 адам опат болды


Жамбыл облысының аумақтық картасы. Көрнекі сурет
Жамбыл облысының аумақтық картасы. Көрнекі сурет
Жамбыл облысының Отар станциясында цехта оқ-дәрілерді утилизациялау кезінде жараланған екі адам ауруханада қайтыс болды. Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, бұл туралы бүгін бас әскери прокуратураның баспасөз хатшысы Әкбар Әбділдин брифингте айтқан.

Бұған дейін бас әскери прокуратура облыстың Қордай ауданының Отар станциясында орналасқан "Казахвзрывпром" кәсіпорнында оқсыз қару-жарақтарды жою жұмыстары кезінде жарылыс болғанын хабарлаған еді. Жарылыстан жеті адам жараланып, ауруханаға жеткізілген.

Әбділдиннің айтуынша, тағы бір адам ауыр халде жатыр.

Оқиға бойынша Гвардейск гарнизонының әскери прокуратурасы қылмыстық іс қозғаған.
XS
SM
MD
LG