Иран парламенті "1953 жылы Тегеранда болған мемлекеттік төңкеріске қатысы болғаны үшін АҚШ-қа шара қолдануға шақыратын" заң жобасын мақұлдады.
27 тамызда талқыланған заң жобасында "Иранның демократиялық жолмен сайланған премьер-министрі Мохаммад Моссадықты биліктен кетірген төңкеріске саяси және құқықтық тергеу жүргізу" қарастырылған.
Иранның ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, төңкерісті тексеретін комиссия құрылмақ. Комиссияны Иранның сыртқы істер министрі басқармақ.
Осы айдың басында, АҚШ-тың Орталық барлау басқармасы (ЦРУ) мемлекеттік төңкерісті ұйымдастыруға қатысы болғанын мойындап, ол туралы құпия құжаттарды жария еткен.
Иран депутаттары "ЦРУ-дың мойындауы Вашингтоннан өтемақы талап етуге жеткілікті дәлел бола алады" дейді.
1953 жылы болған мемлекеттік төңкерісте Мохаммад Моссадық биліктен кетіп, Мохаммад Реза Пехлеви шахтың режимі қайта орнаған.