Accessibility links

Египетте жұма күні қақтығыстарда алты адам өлген


Мұхаммед Мурсиді билікке қайтаруды талап етіп наразылық шеруіне шыққандар. Каир, Египет, 30 тамыз 2013 жыл.
Мұхаммед Мурсиді билікке қайтаруды талап етіп наразылық шеруіне шыққандар. Каир, Египет, 30 тамыз 2013 жыл.
Жұма күні Египет астанасы Каир мен тағы бірнеше қалада елдің бұрынғы президенті Мұхаммед Мурсиді жақтайтын мыңдаған адам оны билікке қайтару туралы талаптарын айтып тағы да наразылық шеруіне шықты. Қақтығыстар барысында кемінде алты адам қаза тауып, ондаған адам жараланғаны хабарланды.

Бақылаушылардың айтуынша, бұл соңғы екі аптада Египеттегі халық ең көп қатысқан наразылық акциясы болған. Шерушілер полицияның қолына түспес үшін шағын топтарға бөлініп, наразылық шараларын әр жерде өткізу тактикасын қолданған.

Египетте бұрынғы президент Мұхаммед Мурсиді шілденің 3-і күні әскерилер биліктен кетірген соң "Мұсылман бауырлар" қозғалысы Мурсиді орнына қоюды талап етіп, жұртты жаппай наразылық акциясына шақырған еді. 14 тамызда Египетте уақытша үкімет күштері наразылық шерулерін күштеп тарату операциясын бастады, елде төтенше жағдай жарияланды. Содан бері елде полиция мен наразылар арасында болған қақтығыстардан жүздеген адам қаза болды. Қауіпсіздік күштері "Мұсылман бауырлар" қозғалысының" жетекшілерін тұтқындады.
XS
SM
MD
LG