Accessibility links

Тәртіпсіздік болған сауда орталығы басшыларына іс қозғалды


Қайрат Нұртас қатысқан концерттен соң "Прайм Плаза" сауда орталығының аумағын қоршап тұрған арнайы жасақ. Алматы, 31 тамыз 2013 жыл.
Қайрат Нұртас қатысқан концерттен соң "Прайм Плаза" сауда орталығының аумағын қоршап тұрған арнайы жасақ. Алматы, 31 тамыз 2013 жыл.
Алматы қаласының әкімдігінде 1 қыркүйек күні «Прайм Плаза» сауда орталығының аумағында болған тәртіпсіздіктерге қатысты шұғыл жиналыс өткен. Бұл туралы Алматы қаласының ресми сайтында хабарланды.

Алматы ішкі істер департаментінің (ІІД) бастығы қызметін атқарушы Қанат Таймерденов жиналыста "1 қыркүйекке ауған түні болған инцидентке қатысқан 165 адамның полиция бөлімшелеріне апарылғанын" мәлімдеген. Таймерденовтің сөзіне қарағанда, олардың көбі алдын ала тергеуден кейін босатылған. Оқиға бойынша екі қылмыстық іс ашылған. Біріншісі - қылмыстық кодекстің 257-бабымен (бұзақылық) тәртіпсіздікке қатысқандарға қарсы қозғалса, екінші іс бойынша «Прайм Плаза» орталығы басшыларына қылмыстық кодекстің 232-бабымен «міндеттеріне жауапсыз қарады» деген айып тағылған.

Прокуратура өкілдері жиналыста сауда орталығы басшыларының концерт өткізуге рұқсат алмағандарын айтқан.

Сауда орталығының кеңсе менеджері Дана Аманжолова Азаттық тілшісіне «Біз бүгін ешқандай түсініктеме бере алмаймыз. Мәлімдемені ертең таратамыз» деді.

«Прайм Плаза» сауда орталығы «Вконтакте» әлеуметтік желісіндегі парағында 31 тамыз күні кешкі сағат 7-де әнші Қайрат Нұртас қатысатын концерт өтетінін хабарлаған еді.

Оқиғаның жай-жапсары туралы Азаттық мақаласынан оқи аласыздар.
XS
SM
MD
LG