Accessibility links

Мехикодағы наразылық


Мехикодағы наразылық
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:11 0:00

Мексикада білім саласын реформалау туралы үкімет бастамасына студенттердің қарсылық шеруі тәртіпсіздіктерге ұласты. Наразы жастар күзгі сессиясы басталатын парламенттің ғимаратына тас пен жанғыш зат құйылған бөтелкелер лақтырып, президент Энрике Пенья Ньетоның отставкаға кетуін талап етті. Полиция шеруді тарату үшін көзден жас ағызатын газ шашып, бірнеше адамды ұстады. Мексика парламенті мұғалімдердің біліктілігін тексеруді міндеттейтін өзгеріс енгізетін заң жобасын дауыс салмақшы. Мұндай шара білім стандарттарын жақсарту үшін қажет деген биліктің бастамасына наразылық білдірген мыңдаған мұғалім сабақ өткізуден бас тартты.

XS
SM
MD
LG