Accessibility links

Израиль Жерорта теңізінде зымыран сынады


Жерорта теңізінен ұшырылған АҚШ зымыраны. 29 наурыз 2011 жыл. Көрнекі сурет
Жерорта теңізінен ұшырылған АҚШ зымыраны. 29 наурыз 2011 жыл. Көрнекі сурет
Израиль сейсенбі күні таңертең Жерорта теңізінде АҚШ-пен бірге зымыран сынағанын растады.

Бұдан бұрын Ресей қорғаныс күштері радарлары Жерорта теңізінің орталығынан шығысына қарай екі баллистикалық зымыран ұшырылғанын байқап қалғанын мәлімдеген. Ресейлік ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, зымыран ұшырылғанын Ресейдің оңтүстігіндегі "Армавир" зымырандар ұшырылымын ескерту жүйесі анықтаған.

Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу оқиға туралы президент Владимир Путинге хабарлаған.

АҚШ Жерорта теңізі маңында Сирия президенті Башар Асад үкіметіне қарсы әскери операция жасау үшін әскери теңіз күштерін шоғырландырып жатыр. Ресей бұл ұсынысқа қарсы.
XS
SM
MD
LG