Accessibility links

Мәскеудегі сайлау


Мәскеудегі сайлау
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:09 0:00

8 қыркүйекте өткен Мәскеу мэрін сайлаудың алдын ала ресми нәтижесі бойынша, қаланың қазіргі басшысы Сергей Собянинді сайлаушылардың 51 пайызы қолдаған. Оның негізгі қарсыласы, «РПР-Парнас» партиясынан түскен Алексей Навальныйды таңдағандар – 27,4 пайыз. Үшінші орында 10,7 пайыз дауыспен Ресей коммунистік партиясының өкілі Иван Мельников тұр. Навальный өз штабының мәліметтері бойынша Собяниннің 50 пайыздан кем дауыс алғанын айтып, сайлаудың екінші турын өткізуге шақырды. Алдын ала деректер бойынша, Мәскеудегі сайлауға сайлаушылардың 32 пайызға жуығы қатысқан.

XS
SM
MD
LG