Accessibility links

Мәскеу мэрі сайлауының ресми нәтижесі шықты


Мәскеудегі сайлау
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:01:09 0:00

Мәскеудегі сайлау туралы видео.

Мәскеуде 8 қыркүйек күні өткен қала мэрі сайлауының ресми нәтижесі бойынша, Мәскеу мэрінің міндетін атқарушы Сергей Собянинге сайлаушылардың 51,37 пайызы қолдау білдірген. Оның негізгі қарсыласы Алексей Навальный ("РПР-ПАРНАС") — 27,24 пайыз дауыс алған.

Сондай-ақ, Ресей коммунистік партиясынан сайлауға түскен Иван Мельниковті сайлаушылардың 11 пайызға жуығы жақтап дауыс берген. "Яблоко" партиясының төрағасы Сергей Митрохин — 3,5 пайыз, ал Ресей мемлекеттік думасының депутаты Михаил Дегтярев (ЛДПР) пен "Справедливая Россия" партиясының жетекшісі Николай Левичев әрқайсысы үш пайызға жетер-жетпес дауыс жинаған.

Мәскеудің сайлау комиссиясы сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы және сайлау нәтижелері туралы ресми ақпаратты кешіктіріп жариялады.

Дүйсенбі күні Мәскеудің Болотный алаңында жергілікті уақытпен кешкі сағат жетіде кандидат Алексей Навальныйдың қолдаушылары митинг өткізбекші. Бұған дейін Навальный ресми нәтижемен келіспей, өз штабының мәліметтері бойынша Собяниннің 50 пайыздан кем дауыс алғанын мәлімдеп, билікті сайлаудың екінші турын өткізуге шақырған еді.

Ресми мәліметтер бойынша, жексенбідегі сайлауға Мәскеуде тіркелген сайлаушылардың 32 пайызы ғана қатысқан. Мәскеу мэрінің сайлауы соңғы он жылда алғаш рет өткізілді.

Сонымен бірге 8 қыркүйекте Ресейдің Санкт-Петербург қаласы мен Кабардино-Балкария өлкесінен өзге аймақтарының барлығында сайлау өтті.
XS
SM
MD
LG