Accessibility links

Байқоңыр әкімдігінің басшысы қайтыс болды


Байқоңыр әкімдігінің басшысы Александр Мезенцев. Сурет Байқоңыр қаласының ресми сайтынан алынды.
Байқоңыр әкімдігінің басшысы Александр Мезенцев. Сурет Байқоңыр қаласының ресми сайтынан алынды.
Байқоңыр қаласы әкімдігінің басшысы Александр Мезенцев 11 қыркүйекке ауған түні қайтыс болған. Бұл туралы Азаттық тілшісіне әкімдіктің кезекшісі Александр Литвиненко хабарлады.

- Қала әкімдігінің басшысы Мәскеу қаласында қайтыс болды, - деді әкімдік қызметкері.

Александр Мезенцев Мәскеуге емделуге барған. 1949 жылы Ресейде туған ол Байқоңыр қаласының әкімдігін 2002 жылдан бері басқарып келеді. 1971-1993 жылдар аралығында Мезенцев Байқоңыр космодромында түрлі басшылық қызметтерді атқарған. 1993 жылы Ресейдің Санкт-Петербург қаласына ауысып, әскери кадет корпусын құрды.
XS
SM
MD
LG