Accessibility links

Жапония ғарышқа жаңа үлгідегі зымыран ұшырды


Жапония ғарышқа ұшырған Киробо атты алғашқы робот-астронавтың халықаралық ғарыш станциясында қолына Жапония туын ұстап түскен суреті. 21 тамыз 2013 жыл.
Жапония ғарышқа ұшырған Киробо атты алғашқы робот-астронавтың халықаралық ғарыш станциясында қолына Жапония туын ұстап түскен суреті. 21 тамыз 2013 жыл.
Сенбі күні Жапония ғарышқа жаңа үлгідегі Epsilon ғарыш зымыранын ұшырды. Жобалы уақыттан соң зымыран ғарышқа SPRINT-А спутнигін жеткізгені хабарланды. 48 миллион доллар тұратын бұл спутник жер атмосферасы жұтатын ультракүлгін сәулелер туралы деректер жинауға және Күн жүйесіндегі Шолпан, Марс пен Юпитер планеталарын зерттеуге арналған.

Epsilon ғарышқа осыдан екі апта бұрын ұшырылуы тиіс еді. Бірақ ұшуға 19 секунд қалғанда компьютердегі ақау салдарынан тоқтатылған.

Жалпы құны 200 миллион долларға түскен жаңа зымыран жобасы уақытты үнемдеу, адам ресурстарын үнемдеу және құрал-жабдықтарды үнемдеу сияқты үш басты принципке негізделіп жасалған. Жоба авторлары оған ғарышқа спутник жіберудің тиімді әдісі болады деп үміт артады.

Осы кезге дейін ғарышқа спутник шығару үшін қолданылып келген H2A зымыраны бұдан анағұрлым қымбатқа түсетін. Одан құны арзан Epsilon зымыранының тағы бір артықшылығы – оны ұшыру процесін бір ноутбуктен бақылауға болатындай етіп жеңілдетілген.

Бұған дейін өткен айда Жапония халықаралық ғарыш станциясына Киробо атты алғашқы робот-астронавты жеткізген еді.
XS
SM
MD
LG