Италия билігі елдің батыс жағалауында қайраңға батқан Costa Concordia («Коста Конкордиа») саяхат кемесін судан шығарып, басқа жерге әкету жұмыстарын жүргізуге рұқсат берді. Италия азаматтық қорғау агенттігі осы операция белгіленген 16 қыркүйекте ауа райы қолайлы болады деп болжайды.
Инженерлер бұған дейін жағалауға өте жақын қайраңнан мұншама үлкен кемені суда көтеріп көрмегендерін айтады. Бұл жұмыстарға жетекшілік жасайтын Ник Слоаненің айтуынша, өткен қыста су астында қалып, арқау негізі шіри бастаған кеме үшін бұл соңғы мүмкіндік болмақ. Кемені судан шығарып, басқа жерге әкету жұмысына 600 миллион еуро жұмсалмақ.
Былтыр қаңтарда Италия жағалауында қайраңдап қалған Costa Concordia саяхат кемесі суға батып, апат салдарынан 32 адам қаза болған, олардың екеуінің денесі әлі табылған жоқ. Кемеде 4 мыңнан астам жолаушы болған.
Бұл іс бойынша «абайсызда адам өлтірген» деп танылған бес адам сотталды. Қазір кеме капитаны Франческо Скеттиноның соты өтіп жатыр. Оған «апатқа ұшыраған кемені тастап қашып, абайсызда кісі өлтірген» деген айып тағылған.