Иран президенті Хассан Роухани ел үкіметінің ядролық қаруға ие болуға ұмтылмайтынын және бұл даулы мәселеге қатысты Батыс мемлекеттерімен келіссөздер жүргізуге толық өкілеті барын мәлімдеді. Бұл туралы Роухани америкалық NBC телеарнасына берген сұхбатында айтты.
Хассан Роухани Иран президенті болып сайлануына байланысты АҚШ президенті Барак Обаманың оған жолдаған хатын «позитивті және сындарлы» деп сипаттаған.
Өткен айда Иран президенті қызметіне жаңадан кіріскен Хассан Роухани жақын күндері Нью-Йорктегі БҰҰ бас ассамблеясына қатысуға бармақ. Сәрсенбіде Ақ үйдің өкілі Джей Карни АҚШ президенті Обаманың Иран басшысы Роуханимен кездесуі жоспарланбағанын айтты. Осы сапар қарсаңында Иранда бірнеше саяси тұтқынның түрмеден босатылғаны хабарланды.
АҚШ президенті Барак Обама бұған дейін Telemundo телеарнасына берген сұхбатында «Иранның жаңа президенті Роуханидің Батыс және АҚШ-пен диалог құруға бұған дейін байқалмаған дәрежеде ниет танытып отырғаны» туралы айтқан еді. Ол Тегеран дипломатиялық мүмкіндікті пайдаланар деген үміт білдірген.
Хассан Роухани бұған дейін ел азаматтарына Иранның әлемге ашық болатыны және Батыспен байланысты нығайтатыны туралы уәде берген.
АҚШ пен оның одақтастары Иран ядролық қару жасауға ұмтылып отыр деп қауіптенеді. Тегеран оны жоққа шығарып, ядролық бағдарламасын тек бейбіт мақсатта дамытып жатқанын мәлімдеп келеді.