Accessibility links

Йеменде шабуылдардан ондаған адам өлді


Йемен астанасы Сана қаласындағы Ұлыбритания елшілігі жанында қауіпсіздікті қадағалап тұрған полиция жасағы. 5 тамыз 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Йемен астанасы Сана қаласындағы Ұлыбритания елшілігі жанында қауіпсіздікті қадағалап тұрған полиция жасағы. 5 тамыз 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
20 қыркүйекте Йеменнің оңтүстігінде әскерилерге жасалған екі шабуылдан 30-ға жуық адам мерт болды.

Reuters агенттігіне қауіпсіздік қызметі өкілінің хабарлауынша, Шабаа провинциясындағы әскери базада екі автокөлік жарылып, 20-ға тарта адам қаза тапты. Ал Майфаа қаласында әскери патрульге қарсы шабуыл кезінде оншақты әскери қызметкер мерт болды.

Билік бұл шабуылдарды «Әл-Каида» террорлық ұйымымен байланысы бар топтар жасаған деп санайды. АҚШ қолдауына сүйенетін Йемен билігіне кейінгі жылдары исламшылдар қысымы күшейіп келеді. Йеменде «Әл-Қаиданың» араб түбегіндегі бөлімі орналасқан.

Бұған дейін АҚШ үкіметі пилотсыз басқарылатын ұшақтары жыл басынан бері Йемендегі қарулы топтарға әуеден бірнеше рет соққы бергенін растаған еді.
XS
SM
MD
LG