Accessibility links

Иванов: Кремльдің Сирия туралы пікірі өзгеруі мүмкін


Мәскеу Кремлі. (Көрнекі сурет)
Мәскеу Кремлі. (Көрнекі сурет)
Егер Башар Асадтың «алаяқтық» жасалғаны анықталса, Ресей Сирияға қатысты пікірін өзгертуі мүмкін деп мәлімдеген Ресей президенті әкімшілігінің жетекшісі Сергей Иванов сенбі күні.

«Мен қазір теориялық тұрғыда айтып тұрмын, бірақ егер біз Асадтың алаяқтық жасағанына көз жеткізсек, онда ұстанымымызды өзгерте аламыз» деген Иванов Швеция астанасында өткен жиында.

Сонымен бірге ол Сириядағы жағдай қалай өрбісе де, Ресейдің «проблеманы тек дипломатиялық жолмен шешкен дұрыс» деген ұстанымда қалатынын айтқан. Оның сөзінше, Сирия үкіметі өзіндегі химиялық қару туралы толық ақпаратты алдағы аптада халықаралық қауымдастыққа тапсыруы тиіс.

Бұған дейін АҚШ пен Ресейдің қатысуымен жасалған келісім бойынша, Сириядағы химиялық қару бір жыл ішінде жойылуы тиіс.

Сирияда 21 тамызда «арасында балалар да бар бейбіт тұрғындарға» қарсы химиялық қару – зарин газы қолданылғаны туралы БҰҰ сарапшыларының қорытындысы дүйсенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде таныстырылған еді. Газ шабуылынан Сирияда жүздеген адам қаза болған.
XS
SM
MD
LG