Accessibility links

Швейцарияда әскери қызмет туралы референдум өтті


Швейцарияның туы. (Көрнекі сурет)
Швейцарияның туы. (Көрнекі сурет)
22 қыркүйекте Швейцарияда міндетті әскери қызмет туралы референдум өтіп жатыр. Швейцарияды соңғы жылдары азаматтардың міндетті әскери қызметке шақырылуы мәселесі туралы пікірталас болып келе жатқан. Ол пікірталастарда мемлекеттің бейтарап саясат ұстанатыны, сыртқы қауіптің жоқ екені уәж ретінде жиі айтылған еді. Енді осы мәселе референдум арқылы шешілмек.

Швейцария әскерінде 150 мың адам қызмет етеді. Қорғаныс саласына бюджеттің алты пайызы жұмсалады. Швейцария қарулы күштері қуаты жағынан Австрия, Бельгия, Норвегия, Финляндия және Швеция армиясымен теңеседі.
XS
SM
MD
LG